«Ұлт жоспарына сәйкес, сот жүйесі туралы қолданыстағы заңнамаға өзгерістер енгізілгенін білеміз. Бұл өз кезегінде саладағы қадамдарды түбегейлі өзгертіп отыр. Бәрінен бұрын, кадрлық саясатта 17 қадамда қарастырылған өзгерістер маңызды екенін атап өткім келеді. Судьялық кадрларға талаптар әрқашан да жоғары болған еді. Қоғам судьялар кәсібилігінің артуын талап етуде. Енді судьялыққа кандидаттарды сот тәжірибесіне жақындатудамыз. 1 қаңтардан бастап судьялар сот жүйесі қызметкерлерінен, сот отырыстары хатшыларынан, көмекшілер арасынан, сондай-ақ процесске қатысушы болып табылатын прокурорлар мен қорғаушылар ішінен іріктеудеміз. Аталған қызметкерлер шын мәнінде судьялардың жұмысын күнделікті көріп жүр, яғни қызметтің моральды-психологиялық ауыртпалығын, жұмыс көлемін байқауда және олар судьялық жұмыстың мәнін нақты түсінеді. Бұрындары әрқайсысы емтихан тапсырып, судьялыққа үміткер болатын еді. Осы орайда тиісті себептер бойынша осы кандидаттардың кейбіріне бұл қызмет ауыр болғандықтан, олар жұмыстарынан кетіп қалып жүрді. Ал қазіргі талаптар кадрларды іріктеуде қадамдарды нақтылауға мүмкіндік беруде», - деді А. Сәрсенбаев.
Оның айтуынша, 2016 жылдың басынан күшіне енген заңнамаға сәйкес, сот жүйесінде жұмыс істемей, судьялық лауазымға ниет білдірген заңгерлерге кәсіби мамандығында міндетті 10 жылдық еңбек өтілі туралы талап қойылады.
Сонымен қатар бейінді магистратурада оқығаннан кейін, үміткер сот жүйесінде 4 жыл жұмыс істеуге міндетті. Әйтпесе, ол жалпы негіздемелер бойынша конкурстарға қатысатын болады.
Қосымша жаңашылдықтарға тоқталатын болсақ, екі кезеңмен өтетін емтиханнан өзге, судьялыққа кандидаттар «шындық детекторынан» сыннан өтетін болады.