Аты да айрықша саябақтың заты да өзгеше болмақ. Сәні мен салтанатын былай қойғанда, саябақ Мәскеу тұрғындары мен қонақтарына Ресей аумағындағы халықтардың мәдениеті, діни ұстанымдары мен дәстүрлері дәріптеліп, түрлі әдет-ғұрыптарымен танысуға мүмкіндік беретін болады.
Ұлтаралық бірлікті нығайту мақсатында бүгін Мәскеуде патриарх Кириллдің бастамасымен Ресей Дінаралық кеңесінің кезекті отырысы өтпек. Ислам көшбасшыларымен қатар, буддалық және иудейлік ұйым басшыларының басқосуы Дінаралық кеңестің 15-жылдық мерейтойын мерекелеуге арналады, деп жазады muslim.kz.