Ұлттар кубогі: Қазақстандық боксшы қыздар 5 «алтын» алды
09:40, 17 Қаңтар 2021
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Сербияда қыздар арасындағы бокстан «Ұлттар кубогі» Х Халықаралық турнирі мәресіне жетті. Қазақстандықтардың еншісінде – 7 медаль, деп хабарлайды ҚазАқпарат sports.kz сайтына сілтеме жасап.
Атап айтқанда, 5 боксшы қыз алтын медаль еншіледі. Олар:
48 кг Арайлым Марат
54 кг Дина Жоламан
57 кг Владислава Кухта
60 кг Римма Волосенко
+81 кг Ләззат Күнгейбаева.
Күміс жүлдеге Гүлсая Ержан, «қолаға» Валентина Хальзова қол жеткізді.
Еске салсақ, халықаралық турнирде ел анамысын барлығы 9 боксшы қорғаған болатын.