НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Сербияда бокстан әйелдер арасында өтіп жатқан Ұлттар кубогінде қазақстандық екі спортшы алтын алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстан құрамасы сапынан алты боксшы финалға шықты. Әзірге олардың арасынан Арайлым Марат (48 келі) пен Дина Жоламан (54 келі) финалда қарсыластарын қапы қалдырды. Арайлым словакиялық, Дина сербиялық боксшыны жеңді.
Аталмыш турнирде бұған дейін қазақстандық боксшылар 2012, 2015, 2016, 2018 жылдарда командалық есепте жеңімпаз атанған болатын. Үш мәрте мұндай мәртебеге ресейліктер ие болды.
Естеріңізге сала кетелік, халықаралық турнирде ел анамысын 9 боксшы қорғауда.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.