Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі мәлім еткендей, Әлібек Қасым 26 қыркүйекте сырт алаңда Фарер аралдарына және 29 қыркүйекте Словакияға қарсы өтетін матчтарда ойнамайды.
Қорғаушының 2 қазанда Молдоваға және 6 қазанда Фарер аралдарына қарсы өз алаңымызда өтетін кейінгі кездесулерге қатысуы оның жарақатынан қалпына келу барысына байланысты шешіледі.
Ал Ислам Чесноков жарақатына байланысты Қазақстан құрамасының алдағы төрт матчының барлығын өткізіп алғалы тұр.
Қазақстан құрамасы екі футболшыға да тезірек сауығып, алаңға оралуына тілектестік білдірді.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы жаңа бас бапкер Джон ван ’т Схиптің жетекшілігімен Ұлттар лигасының күзгі кезеңін бастайды. Қазақстан құрамасы С3 тобында Словакия, Молдова және Фарер аралдарымен бірге өнер көрсетеді.
Қазақстан құрамасы алғашқы матчын 26 қыркүйекте сырт алаңда Фарер аралдарына қарсы өткізеді.
Бұған дейін жарақатына байланысты алдағы матчтарда ұлттық құрамаға Англияның «Бернли» клубында ойнайтын Дастан Сәтпаевтың да көмектесе алмайтыны белгілі болған еді.
Сонымен қатар Әзербайжанның «Сабах» клубында ойнайтын 33 жастағы қақпашы Стас Покатилов ұлттық құрама сапына қосылды. Қақпашы ұзақ үзілістен кейін ұлттық команда орналасқан жерге қайта оралып, Ұлттар лигасының алдағы кездесулеріне дайындыққа қатысады.