Ұлттар лигасы: Қазақстан құрамасының ойын кестесі анықталды

АСТАНА. KAZINFORM - Футболдан UEFA Ұлттар лигасы 2026/2027 жылғы маусымындағы Қазақстан құрамасының ойын кестесі белгілі болды.

Фото: Қазақстан футбол федерациясы

Отандастарымыз С лигасының үшінші тобында сынға түседі.

Қарсыластары - Словакия, Молдова және Фарер аралдары.

Қазақстандық футболшылар алғашқы ойынын 26 қыркүйекте өткізсе, соңғы тур 16 қарашаға белгіленген. Әрбір құрама турнир барысында бір қарсыласымен екі ойыннан өткізеді.

Ойындар кестесі

26 қыркүйек. 21:00. Фарер аралдары - Қазақстан

29 қыркүйек. 23:45. Словакия - Қазақстан

2 қазан. 19:00. Қазақстан - Молдова

6 қазан. 19:00. Қазақстан - Фарер аралдары

13 қараша. 22:00. Молдова - Қазақстан

16 қараша. 20:00. Қазақстан - Словакия.

Қазақстандық футболшылар 2024/25 жылғы маусымда В лигасында үшінші топта алты кездесудің бесеуінде жеңіліп, біреуінде тең ойнады. Салдарынан өз тобында төртінші орынды місе тұтып, қайтадан С лигасына түсіп қалды.

Еске салсақ, бұдан бұрын 2028 жылдан кейін UEFA Ұлттар лигасының форматы өзгереді.

UEFA Атқарушы комитеті Түркияның Ыстанбұл қаласында өткен отырысында ерлер арасындағы ұлттық құрамаларға арналған турнирлердің жаңа тұжырымдамасын мақұлдады.

Ұлттар лигасы мен Еуропа чемпионаты іріктеу кезеңінің жаңартылған форматы 2028 жылғы құрлықтық додадан кейін енгізіледі.

2028/29 жылғы маусымнан бастап Ұлттар лигасы әрқайсысында 18 құрамадан тұратын үш лига форматына көшеді. Әр лига алты қомандадан құралған үш топқа бөлінеді. Бұрын құрамалар төрт лигадан тұратын доп додасында бақ сынайтын еді.