Ұлттар лигасы: Қазақстан құрамасының ойын күнтізбесі белгілі болды
АСТАНА. KAZINFORM - Футболдан Қазақстан құрамасының 2026/27 жылғы UEFA Ұлттар лигасындағы ойын күнтізбесі белгілі болды.
Отандастарымыз алдағы маусымда С лигасының үшінші тобында ойнайтын болды.
Қарсыластары - Словакия, Фарер аралдары және Молдова.
Бұл топтағы жеңімпаз құрама алдағы маусымда В лигасында сынға түседі.
Қазақстан құрамасының ойын кестесі (Астана уақытымен)
26 қыркүйек. 21:00. Фарер аралдары - Қазақстан
29 қыркүйек. 23:45 Словакия - Қазақстан
2 қазан. 19:00. Қазақстан - Молдова
6 қазан. 19:00. Қазақстан - Фарер аралдары
14 қараша. 00:45. Молдова - Қазақстан
16 қараша. 20:00. Казақстан - Словакия.
Айта кетсек, 2024 жылы Қазақстан құрамасы В лигасында сынға түсті. Өз тобында Норвегия, Австрия, Словенияны алға салып, төртінші орынды місе тұтты.
Өз алаңында Норвегиямен 0:0 есебімен ойнаса, сырт алаңда оларға 0:5 есебімен есе жіберді.
Ал Словенияға 0:3, 0:1 , Аустрияға 0:4, 0:2 есебімен жеңілді.
Ұлттар лигасы 2018 жылдан бері тұрақты түрде өткізіліп келеді. Қазірге дейін Португалия, Франция, Испания құрамалары чемпион атанды.