НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін UEFA Ұлттар лигасында сынға түсіп жатқан Қазақстан құрамасының сырт алаңдағы Литвамен кездесуінің бірінші кезеңі аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Естеріңізге сала кетелік, қазақстандық құрама С лигасының төртінші тобында ойнайды. Қарсыластары - Албания, Беларусь және Литва құрамалары.
Бүгінгі кездесу қазақстандық футболшылар үшін сәтті басталды. Ойынның 3-минутында Бактийор Зайнутдинов әріптесі Бауыржан Исламханның берген пасымен гол салды.
Осылайша, бірінші кезеңде қазақстандық құрама 1:0 есебімен жеңіске жетті.
FIFA-ның ай сайын жарияланатын рейтингінде Литва құрамасы қазір 131-орында тұр. Ал Қазақстан ол рейтингте 118-орында келеді. Екі құрама бұған дейін бір мәрте ғана кездесті. 2014 жылдың 5 наурызында Түркияның Анталья қаласында өткен жолдастық кездесуде екеуі 1:1 есебіне қанағат білдіріп тарқасты. Сол себепті бүгінгі ойын тұңғыш ресми кездесу саналады.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.