Бұл ойында Литва мен Беларусь құрамалары сынға түсті. Кездесуде литвалық футболшылар есеп ашты. Оны 7-минутта Арвидас Новиковас өзінің еншісіне жазды.
Екінші кезеңде Беларусь құрамасы қатарынан екі гол соғып кетті. Алдымен 58-минутта Виталий Лисакович таразы басын теңестірсе, 66-минутта Александр Сачивко өз құрамасын алға щығарды. Ал 75-минутта литвалық Каролис Лаукжевис таразы басын теңестірді. Кездесу 2:2 есебімен тең аяқталды.
С лигасындағы төртінші топта бүгін Қазақстан өз алаңында Албаниямен 0:0 есебімен тең түсті.
Турнир кестесінде айтарлықтай өзгеріс болған жоқ. Көш басында Қазақстан және одан кейінгі орындардағы Албания, Беларусь, Литва құрамаларында төрт-төрттен ұпай бар.
Енді 14 қазанда өз алаңында Беларусь Қазақстан, Литва Албания құрамасын қабылдайды. Ұлттар лигасындағы соңғы тур 18 қарашада мәресіне жетеді.