НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Дәл қазір UEFA Ұлттар лигасындағы Қазақстан мен Литва құрамалары арасындағы кездесудің бірінші кезеңі аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бірінші кезеңде екі құрама да жиі шабуылға шықты. Нәтижесінде 38-минутта қазақстандық шабуылшы Абат Айымбетов есеп ашты. Ал 40-минутта оған литвалық Модестас Воробьевас бір голмен жауап қайырды. Есеп 1:1. Бірінші кезең осы есеппен аяқталды.
Бүгін Қазақстан құрамасы жеңіске жеткен жағдайда С лигасындағы орнын сақтап қалады. Төртінші орын алған құрама алдағы уақытта D лигасына төмендейді.
Естеріңізге сала кетелік, екі құрама С лигасы төртінші тобында сынға түседі. Олардан өзге Албания және Беларусь құрамалары бар. Соңғы екі құрама да дәл қазір ойын өткізіп жатыр. Бірінші кезеңнен кейін албаниялық футболшылар 3:1 есебімен жеңіп жатыр.
Бұдан бұрын Қазақстан құрамасы Албаниядан 1:3 есебімен жеңіліп қалды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.