Ұлттық академиялық кітапханада Жолтай Әлмашұлының жаңа кітаптары таныстырылды

АСТАНА. KAZINFORM — ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында жазушы, драматург Жолтай Әлмашұлының «Олигарх қазақ», «Көктүрік сарыны» және «Клятва любви» атты жаңа кітаптарының таныстырылымы өтті, деп хабарлайды Мәдениет және ақпарат министрлігі.

Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Кеш барысында қаламгер шығармашылығының идеясы мен әдеби кеңістіктегі орны сөз болды.

Іс-шараға зиялы қауым өкілдері, жазушылар, әдебиеттанушылар мен оқырмандар қатысты.

Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Кездесуде қаламгер туындылардың жазылу тарихы мен идеялық бағыты туралы айтып берді.

Жазушыға ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаевтың құттықтау хаты табысталды.

Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Жиынға қатысушылар автор шығармашылығының ерекшеліктеріне тоқталып, туындыларға қатысты ой-пікірін білдірді.

Бұған дейін Алматыда 24 сағат жұмыс істейтін кітапханалар саны артатыны белгілі болды.