«Базалық мөлшерлеме бойынша шешімдер аптаның соңғы жұмыс күні Астана уақыты бойынша сағат 12:00–де жарияланады және келесі аптаның бірінші жұмыс күнінен бастап күшіне енеді», — делінген банк хабарламасында.
2025 жылы базалық мөлшерлеме бойынша шешімдер келесі күндері жарияланады:
- 17 қаңтар
- 7 наурыз
- 11 сәуір
- 5 маусым
- 11 шілде
- 29 тамыз
- 10 қазан
- 28 қараша
Еске сала кетейік, бұған дейін Валюта нарығындағы теңгерімділікті арттыру мақсатында квазимемлекеттік сектор субъектілерінің валюталық түсімдерінің 50%-ын міндетті түрде сату талабы қайта енгізілетінін жазған болатынбыз.
Бірнеше күннен бері доллар қор нарығында 500 теңгеден саудаланып жатыр.