Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі 2027 жылға арналған базалық мөлшерлеме бойынша шешімдер кестесін бекітті. Жоспар бойынша келесі жылы базалық мөлшерлеме бойынша 8 шешім, оның 4-і болжамды раундтың нәтижелері негізінде қабылданады.
— Базалық мөлшерлеме бойынша шешімдер аптаның соңғы жұмыс күні Астана уақытымен сағат 12:00–де жарияланып, келесі аптаның бірінші жұмыс күнінен бастап күшіне енеді, — делінген банк хабарламасында.
2027 жылы базалық мөлшерлеме бойынша шешімдер мына күндері жарияланады:
- 22 қаңтар
- 12 наурыз
- 23 сәуір
- 11 маусым
- 23 шілде
- 10 қыркүйек
- 22 қазан
- 10 желтоқсан
Айта кетелік базалық мөлшерлеме төмендеп, биржада доллар құны өзгере бастағаны туралы жазған едік. Сонымен қатар банктер несие мөлшерлемесін қашан төмендететіні туралы жазған едік.