Баяндамада болжамның алғышарттары, 2027 жылға дейінгі базалық және баламалы сценарий бойынша макроэкономикалық даму серпіні ұсынылған.
— Құжатта Ақша-кредит саясаты комитетінің базалық мөлшерлеме траекториясына ортамерзімді кезеңге арналған бағалауы, төлем балансының ағымдағы шотының болжамы, ағымдағы макроэкономикалық жағдай және ақша, валюта және қаржы нарықтарындағы ахуал бойынша деректер де қамтылған, — делінген хабарламада.
Бұдан бөлек, баяндамада ҚҚС мөлшерлемесі ұлғаюының инфляцияға әсері туралы халықаралық тәжірибе, еңбек нарығы тарапынан инфляциялық қысым көрсеткіштерін бағалау, сондай-ақ халықтың жинақтау әдеттері туралы сауалнама нәтижесі секілді тақырыптарға арнайы бокстар бар.
Еске сала кетейік, бұған дейін Ұлттық банк базалық мөлшерлеме әлі де көтерілуі мүмкін екенін айтқанын жазған болатынбыз.