«Үкіметтің болжамы бойынша шикізатқа жатпайтын экспорт ұлғаяды. 2025 жылғы экспорт 2024 жылғы 80,8 млрд доллардан 82,3 млрд долларға дейін өседі. Төлем балансының әдіснамасы бойынша тауар импорты 2023 жылдың жоғары деңгейінен асып, өсуді жалғастырады. Импорт көлемі 2025 жылы 61,3 млрд долларға жетеді», - деді Тимур Сүлейменов.
Сондай-ақ, ол импорт көлемінің төмендемей тұруына халық пен бизнестің сұранысынан бөлек мемлекеттік бағдарламалар да әсер етіп тұрғанын атап өтті.
«Импорттың жоғары көлемінің негізгі себептері – халық пен бизнестің қажеттіліктері, өндіріс тізбектеріндегі шетелдік құраушының елеулі үлесі, мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру. Нәтижесінде төлем балансының ағымдағы шоты орта мерзімді келешекте тапшылық аумағында қалады», - деді Ұлттық басшысы.