Ұлттық банк доллар мен рубльдің бүгінгі бағамын белгіледі

Фото: Фото: Kazinform

Ұлттық банк доллар мен рубльдің 30 қарашаға арналған бағамын белгіледі, деп хабарлайды Kazinform. 

Атап айтқанда, 1 доллар құны – 459, 06 теңге, Ресей рублінің орташа сараланған бағамы – 5,16 теңге.

Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 458,5 - 462,5 теңгеден сатылып жатыр.

Ал Алматыда доллар 459,1 - 461,9 теңге аралығында құбылып тұр.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,01 - 5,21 аралығында саудаланып жатыр.

Еске салайық, 29 қараша кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,03 теңгеге төмендеп, 459, 02 теңге болған.