Атап айтқанда, 1 доллардың құны – 463,65 теңге, Ресей рублінің орташа сараланған бағамы – 5,07 теңге.
Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 463,5– 467,5 теңгеден сатылып жатыр.
Ал, Алматыда доллар 465,1– 467,9 теңге аралығында құбылып тұр.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 4,97 – 5,15 аралығында саудаланып жатыр.
Еске салайық, 14 қараша кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 2,23 теңгеге төмендеп, 463,63 теңге болған.