Ұлттық банк доллар мен рубльдің бүгінгі бағамын белгіледі

Фото: Kazinform

Ұлттық банк доллар мен рубльдің 11желтоқсанға арналған бағамын белгіледі, деп хабарлайды Kazinform.

Атап айтқанда, 1 доллар құны – 457, 61 теңге, Ресей рублінің орташа сараланған бағамы – 4,99 теңге.

Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 458-463 теңгеден сатылып жатыр.

Ал, Алматыда доллар 458,7-461,3 теңге аралығында құбылып тұр.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасын 4,99-5,15 аралығында саудаланып жатыр.

Еске салайық, 8 желтоқсан кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 2,10 теңгеге төмендеп, 457, 71 теңге болған.