Ұлттық банк JOSHY ULYSY. 800 JYL коллекциялық монеталарын айналымға шығарады

Фото: Фото: Ұлттық банк

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстан Ұлттық банкі «Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар» сериясынан JOSHY ULYSY. 800 JYL коллекциялық монеталарын айналысқа шығарады. Монеталардың қай күні сатуға шығарылатыны туралы ақпарат ҚҰБ-тың ресми сайтында қосымша жарияланады.

Жошы хан – Шыңғыс ханның үлкен ұлы және Алтын Орда атанған Жошы ұлысының негізін қалаушы. Ұлытау облысында маңызды тарихи ескерткіш – Қазақстанның мәдени мұрасының бір бөлігі саналатын Жошы хан кесенесі орналасқан.

Монеталардың дизайнында Жошы хан ескерткішінің бейнесі пайдаланылған. Оның авторы – Қазақстанның белгілі мүсіншісі, монументалист-суретші Ғазиз Ешкенов. Сырт жағында Алтын Орда дәуіріндегі монеталардан коллаж орналасқан. Монеталар алтын жалатылған, күміс сынамасы – 925/1000, массасы - 777,5 грамм, диаметрі - 100 мм, дайындау сапасы – «proof», номиналы - 5 000 теңгелік, таралымы – 100 (жүз) дана. 

Номиналы 2 000 теңгелік монетаның бейнесі

Фото: nationalbank.kz

– алтын жалатылған, күміс сынамасы – 925/1000, массасы 31,1 грамм, диаметрі 38,61 мм, дайындау сапасы – «proof», номиналы 1 000 теңгелік, таралымы – 1 000 (бір мың) дана;

Номиналы 1 000 теңгелік монетаның бейнесі 

Фото: nationalbank.kz

– МН 25 мельхиор қоспасынан жасалған, массасы 15 грамм, диаметрі 33 мм, дайындау сапасы – «brilliant uncirculated», номиналы 200 теңгелік, таралымы – 8 000 (сегіз мың) дана. 

Номиналы 200 теңгелік монетаның бейнесі

Фото: nationalbank.kz

Коллекциялық монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында өздерінің белгіленген құнына сай төлемдердің барлық түрі бойынша қабылдауға, сондай-ақ елдің барлық банкінде банк шоттарына есепке алуға, аударуға, ұсақтауға және айырбастауға жатады.

Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалды.