Қазақстан футболына арналған коллекциялық монеталар сатылымға шықты

Фото: Фото: Қазақстан Ұлттық банкі

АСТАНА. KAZINFORM – 11 сәуірден бастап Ұлттық банктің интернет-дүкені арқылы «Спорт» сериясынан «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ФУТБОЛ КЛУБТАРЫ» және «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ФУТБОЛ ФЕДЕРАЦИЯСЫ» коллекциялық монеталары сатыла бастайтыны хабарланды. 

«ҚАЗАҚСТАННЫҢ ФУТБОЛ КЛУБТАРЫ» монеталарының 13 түрі әрқайсысы 7 000 данадан шығарылған. Олардың ішінде 5 000 монета жеке блистерде, 2 000 монета сувенирлік блистер жиынтығында ұсынылады.

- 2 000 данамен шығарылған сувенирлік блистер жиынтығы «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ФУТБОЛ КЛУБТАРЫ» 13 түрлі монетадан және бір дана «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ФУТБОЛ ФЕДЕРАЦИЯСЫ» монетасынан тұрады. Барлық монета мельхиор қоcпасынан (МН 25) жасалған, салмағы – 15 грамм, диаметрі – 33 мм, дайындау сапасы – brilliant uncirculated, номиналы – 200 теңге, - делінген Ұлттық банк хабарламасында. 

«ҚАЗАҚСТАННЫҢ ФУТБОЛ КЛУБТАРЫ» монеталарының бейнесі

Фото: Қазақстан Ұлттық банкі

«ҚАЗАҚСТАННЫҢ ФУТБОЛ ФЕДЕРАЦИЯСЫ» монетасының бейнесі

Фото: Қазақстан Ұлттық банкі

Коллекциялық монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында өздерінің белгіленген құнына сай төлемдердің барлық түрі бойынша қабылдауға, сондай-ақ елдің барлық банкінде банктік шоттарға есепке алуға, аударуға, ұсақтауға және айырбастауға жатады.

Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Ұлттық Банк ÚKI инвестициялық монетасын World Money Fair көрмесінде таныстыратынын жазған болатынбыз.