- 19 шілдеде бірыңғай QR-ды енгіземіз деп жоспарладық. Осы орайда банктердің барлығы бұл жаңа жүйеге дайындалып жатыр. Біз жүйені енгізіп, жұмыс істеуін қамтамасыз етеміз. Мәселен, үйдің жанындағы шағын дүкендер төлем жасауға арналған бір банктің есеп айырысу машинкасын немесе бірнешеуін қоюды өздері шешеді. Ең бастысы, біз бырыңғай QR-ды іске қосамыз. Бұл тұрғыда бір QR-мен барлық жүйеде - Kaspi, Halyk және Forte-теде төлеуге болады. Комиссия мәселесіне тоқталсақ, біз үшін, яғни тұтынушыларға ештеңе өзгермейді. Бұл комиссияны тұтынушылар төлемейді, - деді Т. Сүлейменов Сенаттың жалпы отырысынан кейін тілшілер сұрағына жауап бере отырып.
Оның айтуынша, бұл жаңа жүйе бизнес үшін де тиімді болмақ.
- Бизнеске қосымша жүктеме болмайды. Ол тұрақты деңгейде қалады, - деді ҰБ басшысы.
Бұған дейін биыл 19 шілдеден бастап QR төлемдердің бірыңғай банкаралық жүйесі іске қосылатынын жазған едік.