Ұлттық банк: Теңге жыл басынан бері 5,1%-ға нығайды

АСТАНА. KAZINFORM – 2026 жылдың алғашқы жартыжылдығында теңге АҚШ долларына қарасты 5,1%-ға нығайды. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов Үкімет отырысында мәлімдеді.

Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

 

 

Оның айтуынша, ұлттық валютаның нығаюына бірнеше негізгі фактор әсер еткен.

- Бұған қалыпты қатаң ақша-несие саясаты, бейрезиденттер тарапынан мемлекеттік бағалы қағаздарға жоғары сұраныс, Үкімет пен Ұлттық Банктің бірлескен шаралары және қолайлы сыртқы конъюнктура ықпал етті, - деді ол.

Ұлттық банк төрағасының мәліметінше, алғашқы жартыжылдықта Ұлттық қордан биржалық нарыққа 2,2 млрд АҚШ доллары көлемінде шетел валютасы сатылған. Сонымен қатар, өтімділікті теңестіру аясында айналымнан алынған қаражаттың жалпы көлемі 2,1 трлн теңгеге жеткен.

Сондай-ақ ол үшінші тоқсанда нарықтан қосымша 1,1 трлн теңге көлемінде өтімділікті алу жоспарланып отырғанын айтты.

Бұған дейін Тимур Сүлейменов доллар бағамының өсу ықтималдығына қатысты пікір білдірген болатын.

https://kaz.inform.kz/news/dollar-bagami-ose-me-ulttik-bank-toragasi-zhauap-berd-588837d0