Оның айтуынша, Ұлттық банк доллар бағамының шарықтауына себеп болатын нарықтық алғышарттарды көріп тұрған жоқ.
Сонымен қатар Т. Сүлейменов теңге бағамына дәстүрлі түрде жаз айларында маусымдық қысым болуы мүмкін екенін айтты. Бұған еңбек демалысының басталуы және халық пен бизнес тарапынан шетел валютасына сұраныстың күрт артуы ықпал етеді.
— Доллар бағамына да дәл осындай маусымдық сұраныстар әсер етеді. Жазда адамдар демалысқа шығар кезде шетел валютасын сатып алады. Мұнымен қоса, ірі компаниялар құрылыс маусымында жобаларды аяқтау үшін шетелдік құрал-жабдықтарды сатып алады. Сондықтан жазда және күзде долларға сұраныс үнемі жоғары болады, — деп түсіндірді ол.
Оның сөзіне қарағанда, бұл үрдіс биыл да қайталануы мүмкін. Бірақ бағамның күрт өсуіне алып келетін себеп жоқ.
Бұған дейін әлемдік мұнай бағасының көтерілуі теңге бағамына айтарлықтай әсер етпегенін жазған едік.