Банктің мәліметінше, ол ақшаның үшінші түрі іспетті.
— Цифрлық теңге — қолма-қол ақшамен де, қолма-қол ақшасыз да қолданыста қатар жүретін ақшаның үшінші, цифрлық формасы. Ол қолма-қол ақшаның да, қолма-қолсыз ақшаның да қасиетіне ие және барлық пайдаланушылар үшін түбегейлі жаңа мүмкіндіктер ашады. Реттеу тұрғысынан цифрлық теңге мемлекеттік эмитент шығаратын және осы эмитенттің бірінші кезекте төлем құралы ретінде пайдалану міндеттемесіне келетін қолма-қолсыз ақшаның жаңа формасы ретінде ОБЦВ (орталық банктің цифрлық валютасы) анықтамасына сәйкес келеді, — делінген Ұлттық банктің ресми сауалымызға жолдаған жауабында.
Сонымен қатар, цифрлық теңге қолма-қол және қолма-қолсыз ақшаны алмастыру мақсатында емес, оларға қосымша ақша түрі ретінде пайдаланылмақ.
— Цифрлық теңгенің негізгі артықшылықтарының бірі — бағдарламалану мүмкіндігі. Бұл ақшаны «баптауға», яғни бағдарламалауға болатындығын білдіреді. Мысалы, оны қашан және не үшін жұмсайтыныңызды белгілей аласыз. Осының арқасында есептеу жылдам, ыңғайлы және ашық болады. Цифрлық теңге енгізілгеннен кейін Қазақстандағы қолма-қол және қолма-қолсыз ақша онымен тең пайдаланылатын болады, — делінген Ұлттық банк жауабында.
Айта кетейік, бұған дейін 18 шілде цифрлық теңге қолданысқа енетінін жазғанбыз.