Ұлттық банк ЖИ-алаяқтарға алданып қалмауға шақырды
АСТАНА. KAZINFORM – ҚР Ұлттық банкі ЖИ-алаяқтарға алданып қалмау үшін не істеу керегін айтып, үндеу жасады.
ЖИ-алаяқтарға алданбау үшін не істеу керек?
Кейінгі кезде жасанды интеллектті пайдаланып, азаматтарды алдайтындар көбейіп кетті.
Бұл қалай жүзеге асады?
Алаяқтар танымал адамның, досыңыздың не туысыңыздың бет-әлпетін, даусын немесе хабарламасын қолдан жасап, жалған видео, аудио немесе мәтін таратады.
Өзіңізді қалай қорғауға болады?
1. «Досыңыздан» немесе «әріптесіңізден» хабарлама келсе, алдымен оларға қоңырау шалып, растап алыңыз.
2. Қос факторлы аутентификацияны пайдаланыңыз.
Киберқауіпсіздіктің негізгі ережелері:
— Күмәнді хабарламалар мен сілтемелерге сенбеңіз.
— Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде жеке дерегіңізді ешқашан жария етпеңіз.
— Құрылғыларыңыздағы қосымшалар мен жүйелерді үнемі жаңартып отырыңыз.
— Ұлттық Банк жеке тұлғаларға шот ашпайды, ақшаны сақтандырмайды, халықпен есеп айырыспайды, — деп ескертті банктен.
Еске сала кетейік, бұған дейін Ұлттық банк антифрод-орталық арқылы 2,2 млрд теңгенің алаяқтық әрекетін бұғаттағанын жазған болатынбыз.