Ұлттық даму жоспарына жетудің іс-қимыл бағдарламасы бекітілді

Фото: Canva

АСТАНА. KAZINFORM – Үкімет еліміздің 2029 жылға дейінгі ұлттық даму жоспарының мақсатына қол жеткізу жөніндегі 2025–2026 жылдарға арналған іс-қимыл бағдарламасын бекітті. 

Бағдарлама бірнеше бағыт бойынша іс-шараларды қамтиды:

— Өмір сүру сапасының жоғары деңгейі;
— Экономиканың мықты іргетасы;
— Өсудің жаңа нүктелері;
— Экономика мен қоғамның жүйелі трансформациясы.

Денсаулық сақтау:

— Жұқпалы емес аурулардың алдын алуды күшейту және халық арасындағы өлім-жітімді азайту;
— Денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыруды жетілдіру;
— Медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру;
— Медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру.

Білім және ғылым: 

— Балаларға мектепке дейінгі тәрбие мен оқуға қолжетімділікті арттыру, жайлы, қауіпсіз және сапалы ортамен қамтамасыз ету;
— Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру және орта білім беру жүйесінің инфрақұрылымын нығайту;
— Еңбек нарығының сұранысына сай техникалық және кәсіптік білім беру (ТжКБ) жүйесін жетілдіру;
— Жоғары білім деңгейін әлемдік стандарттарға дейін көтеру;
— Ұлттық ғылым моделін жаңғырту.
Әлеуметтік қорғау:
— Әлеуметтік қолдау шараларын көрсетудің тәсілдерін жетілдіру;
— Арнайы әлеуметтік көмектің тиімділігін арттыру;
— Әлеуметтік қорғаудың сақтандыру компонентін дамыту;
— Азаматтардың зейнетақы жинағын арттыру;
— Инклюзивті қоғам құру.

Жайлы орта қалыптастыру:

— Өңірлердің бәсекелік артықшылығы негізінде тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз ету;
— Жайлы әрі заманауи қалалар құру;
— Ауылдық жерлерде инфрақұрылым мен қызметке қолжетімділікті арттыру;
— «Ақылды» елді мекендерді дамыту;
— Төтенше жағдай кезіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету инфрақұрылымын дамыту.

Экономиканың мықты іргетасын келесі салалар қамтамасыз етеді:

— Минералды-шикізат базасы (мұнай мен газ, металл және басқа да пайдалы қазбалар);
— Энергетика;
— Өңдеуші өнеркәсіп.

Көлік-логистикалық кешенді дамыту: 

— Инфрақұрылымды кеңейту және жаңғырту;
— Көлік паркін ұлғайту;
— Ағындарды басқару моделін қайта қарау, тарифтік ынталандыруды енгізу және цифрлық технологияларды интеграциялау арқылы көлік-логистикалық кешен жұмысының тиімділігін арттыру;
— Нарықтағы бәсекелестікті арттыру және мемлекеттің қатысу үлесін азайту.

АӨК-ті дамытудағы басымдықтар:

— Ауыл шаруашылығы жерлерін тиімді пайдалануды арттыру;
— Су ресурстарын пайдаланудың тиімділігін арттыру;
— Мал шаруашылығын кеңейту;
— Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуді ынталандыру;
— Экспортты қолдау;
— Аграрлық ғылым мен біліктілікті дамыту.

Экономика мен қоғамның жүйелі трансформациясына келесі бағыттар кіреді:

— Қозғалыстағы кәсіпкерлік ортаны қалыптастыру;
— Инвестициялардың жаңа кезеңін бастау;
— Экологиялық тұрақтылықты арттыру;
— Ысырапсыздық пен жауапкершілік принциптеріне негізделген теңгерімді бюджет саясатын сақтау;
— Құқық үстемдігін қамтамасыз ету және мемлекеттік басқару тиімділігін арттыру.

Аталған қаулы 2025 жылғы 12 маусымда күшіне енді. 

Айта кетейік, кеше Президент мемлекеттік басқаруды дамытудың 2030 жылға дейінгі жаңартылған тұжырымдамасын бекітті.