Аталған науқан барысында ІІМ М.Есболатов атындағы академиясының курсанттары мен 80 полиция қызметкері «Балбырауын» күйін орындап, қайсарлық, бірлік пен қызметке адалдық танытты.
Іс-шара Отанға қызмет ету тек тәртіпті сақтау ғана емес, сонымен қатар ұлттық құндылықтарды, салт-дәстүрлерді, мәдени мұраларды құрметтеу екенін еске салды.
– Ұлттық домбыра – мейірімділік қана емес, тарихқа, мәдениетке, осы жер бетінде бірге өмір сүріп жатқан халыққа деген құрмет. Медеу секілді жерде оркестрлік орындау – Қазақстан полициясының ішкі қуатын, бірлігін және халықпен байланысын білдіреді. Біз жастардың өз елі мен өз полициясымен мақтанғанын қалаймыз, - дейді ұйымдастырушылар.
Айта кетейік, бұған дейін «Медеу» мұз айдыны биылғы сырғанау маусымынан кейін бірнеше жылға жабылатынын жазған едік.