Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары қызметінен кетті

Фото: GOV.KZ

АСТАНА. KAZINFORM – Ақорда Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары қызметінен босатылғанын мәлімдеді.

«Мемлекет басшысының өкімімен Марат Өмірбекұлы Қалқабаев Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды», — деп жазылған ақпарат көзінде.