«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2024 жылдан бастап «Ұлттық қор – балаларға» жобасы іске асырылады бастады. Бұл жаңа Қазақстанды құру мен экономиканың іргелі заңдылығы – ұлттық байлықты әділетті бөлуге бағытталған алғашқы қадам деп айтуға болады. Ұлттық қордың соңғы 18 жылдағы қалыптасқан орташа инвестициялық кірісінің мәні 695 519 269 АҚШ доллары сомасындағы қаражат 6 919 131 балаға теңдей бөлініп, әрбір баланың есепшотына 100,52 АҚШ доллары мөлшеріндегі нысаналы салым түсті», - деді А. Арғынғазинов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Спикердің айтуынша, биыл «Ұлттық қор – балаларға» қаражатын 304 815 бала пайдалана алады.
«Қазіргі таңда салалық министрліктердің бұйрықтарымен қаражатты білім алу мен тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін пайдалану тәртібі айқындалған», - деді ол.