Ұлттық қор шетелдік қаржы институттарына қызмет етпеуі керек – Мемлекет басшысы
АСТАНА. KAZINFORM — Ұлттық қор – ұзақ мерзімге арналған макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ететін аса маңызды құрал. Бұл туралы Қазақстан халқына Жолдауын жариялау кезінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.
«Енді Ұлттық қордың рөліне жеке тоқталайын. Қордың қаражатын, ең алдымен, мемлекет мүддесі үшін, яғни еліміздің стратегиялық мақсаттарын жүзеге асыру үшін пайдалану қажет», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Осы орайда Президент Ұлттық қор шетелдік қаржы институттарына қызмет етпеуі керек екенін атап өтті.
«Ұлттық қор – ұзақ мерзімге арналған макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ететін аса маңызды құрал. Сондықтан оны тиімді басқару қажет», - деп тапсырды Мемлекет басшысы.
Айта кетейік, бұған дейін Президент Үкімет бюджет тапшылығының орнын толтыратын қаржы көзін табу үшін тиімді компенсациялық тәсілдер ойластыруы қажет екені айтқан еді.