Ұлттық қордан әр баланың есепшотына жалпы қанша аударылды

АСТАНА. KAZINFORM — Қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы аясындағы іске асып жатқан процесті түсіндірді.

Фото: Kazinform

- 2026 жылы Ұлттық қордан балаларға 130,71 АҚШ долларынан есептелген. Жалпы 3 жыл ішінде 370,56 АҚШ доллары есептелді. 2026 жылы 6 млн 918 мың адам қатысты, оның ішінде 356 613 адам 18 жасқа толады, - деді Д. Темірбеков Парламент Мәжілісінде ҚР Үкіметінің 2025 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебін таныстыру кезінде.

Оның айтуынша, 2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және білім беру төлемдеріне 242 мың өтінім берілді. Оның ішінде 206 мың өтінім орындалып, 31,6 млн доллар жұмсалды.

Еске салсақ, биыл Ұлттық қордан әр баланың есепшотына 130 доллардан аударылатынын жазған едік.