Ұлттық қордан бюджетке 1,4 трлн теңге кепілдендірілген трансферт тартылды

АСТАНА. KAZINFORM — Үкімет 2026 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша республикалық бюджеттің атқарылуы туралы мәлімет жариялады.

Коллаж: Kazinform

Республикалық бюджетке түскен түсімдер – 9,4 трлн теңге.

Трансферттерді есепке алмағандағы кірістер 7,4 трлн теңгені құрап, есепті кезең жоспары 100,9%-ға орындалды.

Салықтық түсімдер – 7,2 трлн теңге немесе жоспардың 100,5%-ы. Жоспар 38,6 млрд теңгеге асыра орындалды.

Салықтық емес түсімдер – 166,2 млрд теңге, жоспардың 120,1%-ы. Жоспардан тыс түсім көлемі 27,9 млрд теңге болды.

Ұлттық қордан республикалық бюджетке 1,4 трлн теңге көлемінде кепілдендірілген трансферт тартылды.

Республикалық бюджет шығыстары 11,1 трлн теңге болып, жоспар 97,4%-ға орындалды.

Республикалық бюджет тапшылығы 1,7 трлн теңгені немесе ЖІӨ-нің 0,9%-ын құрады.

Нысаналы трансферттер бойынша өңірлерге 187,4 млрд теңге бөлінді, оның 174,5 млрд теңгесі игерілді.

Жалпы алғанда, республикалық бюджеттің кірістер бөлігінің орындалуы жоспарлы деңгейден жоғары сақталып, өңірлерді қаржыландыру толық көлемде қамтамасыз етілді. 

Айта кетелік Үкімет сенаторларға республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есеп береді