Ұлттық спорт түрлеріне қызығушылық артып келеді

Фото: Фото: Александр Павский/ Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – 2024 жылдың қорытындысы бойынша ұлттық спорт түрлерімен тұрақты түрде айналысатын қазақстандықтардың саны 660 мыңнан асты. Бұл туралы Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бұл — елімізде дене шынықтыру және спортпен айналысатындардың жалпы санының 9,6%-ын құрайды (2023 жылы — 619,2 мың адам немесе 8,7%). Жаттықтырушылар құрамы 1781 маманды қамтиды, оның ішінде 1004-і ауылдық жерлерде жұмыс істейді.

2018–2024 жылдар аралығындағы динамика:

* 2018 — 375 926 адам
* 2019 — 399 357 адам
* 2022 — 432 457 адам
* 2023 — 619 200 адам
* 2024 — 660 000-нан астам адам

Ең танымал спорт түрлері:

* қазақша күрес,
* тоғызқұмалақ,
* асық ату,
* көкпар,
* бәйге,
* теңге ілу,
* жамбы ату,
* аударыспақ,
* құсбегілік,
* дәстүрлі садақ ату,
* жекпе-жек және басқа да түрлер.

Ұлттық спорт түрлерін дамыту мақсатында өңірлерде 15 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі мен 17 мамандандырылған клуб жұмыс істейді. Қазақстанда жыл сайын ұлттық спорт түрлері бойынша 1000-нан астам жарыс өтеді.

Айта кетелік ұлттық спорт түрлері қалай қалыптасқаны туралы жазған едік