Ұлттық статистика бюросы елімізде тұрып жатқан саны жағынан басым ұлттарды атады
АСТАНА. KAZINFORM – Ұлттық статистика бюросы 1 мамыр мекересі қарсаңында елімізде тұрып жатқан ұлт өкілдері арасында саны басым ұлттардың тізімін жариялаған екен.
20,3 миллион қазақстандық 1 мамыр мейрамын татулық пен достықтың белгісі ретінде атап өтеді.
Бір шаңырақ астында елімізде түрлі ұлт пен этнос өкілдері бейбіт өмір сүріп жатыр. Қазақстан халқының жалпы саны – 20 316 155.
Еліміздегі саны ең көп ұлттар қайсы?
1. Қазақтар – 14 456 709
2. Орыстар – 2 963 938
3. Өзбектер – 678 487
4. Украиндар – 371 807
5. Ұйғырлар – 305 648
6. Немістер – 223 272
7. Татарлар – 218 926
8. Әзербайжандар – 155 364
9. Кәрістер – 120 686
10. Түріктер – 91 732
11. Дүнгендер– 86 067
12. Беларустар – 74 389
13. Тәжіктер – 58 712
14. Күрдтер – 51 171
15. Қырғыздар – 40 200
Айта кетелік 2050 жылы Астанада халық саны 3,5 млн адамға жететіні туралы жазған едік.