Ұлттық статистика бюросы ЖИ негізіндегі аналитикалық чат-ботты іске қосты

АСТАНА. KAZINFORM – Ұлттық статистика бюросы пайдаланушылар кабинетінде ЖИ негізінде әзірленген жаңа аналитикалық чат-ботты тестілік режимде іске қосты.

Фото: Ұлттық статистика бюросы

Бюроның мәліметінше, жаңа сервис статистикалық бизнес-тіркелім бойынша жедел аналитикалық ақпарат ұсынуға және пайдаланушылардың деректермен жұмыс істеу қолайлылығын арттыруға арналған.

-Чат-боттың негізгі дереккөзі – «Статистикалық бизнес-тіркелім» ақпараттық жүйесі. Базада Қазақстан аумағында тіркелген заңды тұлғалар, олардың филиалдары, шетелдік компаниялардың филиалдары және жеке кәсіпкерлік субъектілері туралы мәліметтер қамтылған,-делінген хабарламада.

Осыған дейін жасанды интеллект мемлекеттік органдардың жұмысын екі есе жеңілдететіні туралы жаздық.