Ұлттық төл валюта: Алматыда «Сақ стилі» банкноталарының көрмесі ашылды

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматы қаласында JusanVibe арт-кеңістігінде ҚР Ұлттық Банкінің теңге банкноталары мен коллекциялық және инвестициялық монеталарының көрмесі өтіп жатыр. Экспозиция 15 қараша атап өтілетін теңге күнін мерекелеуге орайластырылған.

Фото: Александр Павский/ Kazinform

Көрмеде екі тақырыптық экспозиция көзделген – ҚР Ұлттық Банкінің теңге банкноталары мен инвестициялық және коллекциялық монеталары.

Фото: Александр Павский/ Kazinform
Фото: Александр Павский/ Kazinform

– Ұлттық төл валюта – тәуелсіздік пен егемендіктің нышаны, мемлекеттегі ақша жүйесінің негізі. Ұлттық Банк өткізетін экспозицияның мақсаты – қалың аудиторияны ұлттық валюта – теңге тарихымен, «Сақ стилі» банкноталарының жаңа сериясымен, инвестициялық және коллекциялық монеталармен таныстыру, – деді ҚҰБ Төрағасының орынбасары Виталий Тутушкин.

Фото: Александр Павский/ Kazinform
Фото: Александр Павский/ Kazinform

Ал «Сақ стилі» сериясының бас дизайнері Санжар Нұрқасымов қазіргі уақытта айналымға бес және он мың теңгелік банкноталар енгізілгенін атап өтті.

– Бұл өз тарихымыз, көне заманнан келе жатқан мәдениет. 2023 жылдан бастап «Сақ стилі» сериясын енгіздік, бірінші бес мыңдық банкнота болды. 2024 жылы он мыңдық шықты, осы жылдың соңында дейін екі мың теңге банкнотасын басып шығаруды жоспарлап отырмыз. Келесі банкноталар 2025-2026 жылдары басылып шығады, - деді ҚҰБ бас дизайнері Санжар Нұрқасымов.

Фото: Александр Павский/ Kazinform
Фото: Александр Павский/ Kazinform
Фото: Александр Павский/ Kazinform

Көрме 22 қарашаға дейін жалғасады. Оған жексенбі күнін қоспағанда барлық тұрғындар мен қала қонақтары 09:00-ден 18:00-ге дейін бара алады.