Ұлттық ұлан ән-би ансамблінің орындауындағы жаңа әннің бейнебаяны жарық көрді

АСТАНА. KAZINFORM - Отан қорғаушылар күні қарсаңында Qazaqstan телеарнасының «1001 түн» бағдарламасында тың туындының тұсаукесері өтті.

Фото: Ұлттық ұлан

Жаңа ән «Ержүрек қазақ» деп аталады. Әннің сөзін жазған Азамат Нұрмұханов, компазиторы Нұрлыбек Аманов.

Айта кетейік, алғаш рет жарияланған әнге ҚР ІІМ Ұлттық ұланы Ақпараттық-баспа бөлімінің видеостудия бөлімшесі бейнебаян түсірді. Осылайша, қос бірдей жаңа шығарма 7 мамыр — Отан қорғаушылар күні мен 9 мамыр — Жеңіс күніне орай қазақстандықтар үшін тамаша тарту болды.

Фото: Ұлттық ұлан
Фото: Ұлттық ұлан
Фото: Ұлттық ұлан