ҚР АШМ баспасөз қызметінің мәліметінше, онда Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметовтің шешімімен Директорлар кеңесінің төрағасы мен мүшелерінің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылып, кеңестің жаңа құрамы сайланды.
Қайта сайланған директорлар кеңесі құрамының төрағасы болып Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Қайрат Айтуғанов сайланды.
Ғылыми зерттеулер нәтижелері мен тиімді технологияларды АӨК саласына енгізу және жоғары білікті мамандарды дайындау мақсатында 2015 жылы ҚР Үкіметінің қаулысымен ҚР АШМ «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КеАҚ құрылды. Оның басқаруына 3 аграрлық ЖОО, 31 филиалы бар 23 ғылыми-зерттеу институты, 14 тәжірибелік-өндірістік шаруашылық пен 4 сервистік компания берілген болатын.
Қазіргі уақытта Қазақстанның аграрлық ғылымы жалпы көлемі 4,9 млрд теңгені құрайтын 200-ден астам грант пен 27 ғылыми-техникалық бағдарламаланы іске асыруда. Зерттеулердің бағыты ылғал сақтау, органикалық және егіншілік технологияларын, тауарлық балық шаруашылығын, қоршаған ортаны қорғау және ауыл шаруашылығы өнімін өңдеуді дамытуға бағытталған.
Жыл сайын ғылыми зерттеулермен 6000 астам шаруашылық қамтылған, бұл тіркелген 218 мың АӨК субъектілерінің 2,75 пайызын құрайды.
Айта кетейік, 2017 жылдың 1 қаңтары бойынша ғылыми зерттеулермен айналысатын қызметкерлер саны 4 163 адамды құрады, олардың ішінде 1 392-сі ғылыми қызметкер.