Айта кетейік, кеш қазақтың қаһарман қызы Хиуаз Доспанованың дүниеден өткен күніне орайластырылып өткізіліп отыр. Батыр қыз 1922 жылы мамырдың 15-інде дүниеге келіп, 2008 жылы мамырдың 21-інде өмірден озған.
Еске алу кешінде Астана қаласындағы №54 мектеп-лицейінің оқушылары арнайы дайындаған қойылымын көрермендер назарына ұсынды.
Ұшқыштық өмір жолын Оралдың аэроклубында бастаған Хиуаз Доспанова соғыс жылдарында әйгілі ұшқыш Марина Раскова басқарған 46-гвардиялық полкінің құрамында болып, 300-ден астам әуе шайқасына қатысып, теңдессіз ерлігі үшін «қанатты қыз» атанып, аты аңызға айналды.
2004 жылы Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың Жарлығымен Хиуаз Доспановаға «Халық қаһарманы» атағы берілді.