«Ұлттық ақпарттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасының міндетін атқарушы тағайындалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Әлнұр Ермағамбетов «Ұлттық ақпарттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасының міндетін атқарушы болып тағайындалды, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.

Директорлар кеңесінің 2017 жылғы 27 қаңтардағы шешімімен «Ұлттық ақпарттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасының міндетін атқарушы қызметіне 30 қаңтардан бастап Әлнұр Ермағамбетов тағайындалды. Ермағамбетов бұрын «Astana Innovations» АҚ Басқарма төрағасы қызметін атқарған.

Әлнұр Мэлсұлы 1978 жылдың 10 ақпанында Алматы қаласында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің биология факультетін (биология ғылымдарының кандидаты, 2004 ж.) және MBA Маастрихтский менеджмент мектебінің біріккен курсын және Халықаралық бизнес академиясын (2009 ж.) тәмамдаған.

2008-2015 жылдар аралығында «Хьюлетт-Паккард (К)» ЖШС-ында қызмет еткен. 2016 жылы Қазақстандағы HP Global Trading B.V. бөлімшесін басқарған.