«Жаңа маусымның тағы бір жаңалығымен бөлісейін. Қыркүйек айынан бастап, апта сайын «Киелі жерлер» деректі фильмдер циклі көрсетіле бастайды. Бұл фильмнің авторы және режиссері - белгілі журналист, зерттеуші Ғалым Доскен ағамыз. Ғалеке кезінде, осы «Қазақстан» арнасын елдің сүйікті Ұлттық арнасы еткен еді, енді қазірде арнаның жаңару жұмысына үлес қосуда»,-деп жазды Е.Қарин.
15:13, 30 Тамыз 2017
Ұлттық арна танымал журналист Ғалым Доскеннің «Киелі жерлер» деректі фильмдер циклін көрсетеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазақстан» ұлттық телеарнасы келесі аптадан бастап, жаңа маусымда белгілі журналист, зерттеуші Ғалым Доскеннің «Киелі жерлер» атты деректі фильмдер циклін көрсете бастайды. Бұл туралы «Қазақстан» РТРК» АҚ-ның басқарма төрағасы Ерлан Қарин жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.