«Егер Сіз тележүргізуші болуды армандасаңыз, «сөз саптау қабілетім жоғары, түр-келбетім лайықты» деп санасаңыз, Ұлттық арнаның жаңа маусымға жариялаған кастингіне қатысуға асығыңыз!», - делінген хабарламада.
Кастинг 12-14 шілде күндері Астанадағы Қазмедиа орталығында өтеді. Оған 25-35 жас аралығындағы жігіттер мен 22-30 жас аралығындағы қыздар қатыса алады.
Үміткерлерге жоғары филологиялық немесе журналистік білім, телевизияға сай көрік және тіл тазалығы сынды талаптар қойылады.
Толық ақпарат «Қазақстан» телеарнасының ресми сайтында жарияланған.