Ұлттық арнада – кәсіби бокс

Бүгін түнде Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында қазақстандық боксшы, WBA санатында Әлем чемпионы Геннадий Головкин Габриель Росадомен жұдырық түйістіреді.

Бүгін түнде Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында қазақстандық боксшы, WBA санатында Әлем чемпионы Геннадий Головкин Габриель Росадомен жұдырық түйістіреді.

26 жасар Габриэль Росадо өз салмағында танымал боксшылардың бірі саналады. Ол Кассим Оуманың сағын сындырып, Джемал Дэвис пен Кинан Коллинз сынды былғары қолғап шеберлерін де нокаутқа жіберіп, жеңіске жеткен. Өткен жылдың 21 қаңтарында Росадо өзінің ең басты кездесуін өткізіп, WBC чемпионы Хесс Сото Каррасты 5-ші раундта жеңген еді. Енді, Генадий Головкинмен кездеспекші.

Бұл матчты «Қазақстан» Ұлттық арнасының көрермендері жексенбі күні, сағат 21.35-те көре аласыздар.