Ұлттық банк 1 тамыздан бастап банк секторы активтерінің сапасын бағалауға кіріседі

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Ұлттық банкі 1 тамыздан бастап Қазақстанның банк секторы активтерінің сапасын бағалауға кіріседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат қаржы ұйымының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президент тапсырмасына сәйкес, банксекторы активтерінің сапасын бағалау (AssetQualityReview - AQR) жүргізіледі. Бұл процесс 1 тамыздан басталады және еліміздегі банксекторы активтерінің шамамен 87% құрайтын 14 ірі банкке қатысты болады.

AQR - банксекторының қаржылық тұрақтылығын кешенді бағалауды жүзеге асыру бойынша әлемдікнарықтағы жалпыға белгілі тәжірибе. Бұл - банктердің капиталғақажеттілігін анықтауға, портфельдің сапасына баға беруге, кредиттеу тәжірибесінталдауға мүмкіндік беретін диагностика.

Ұлттықбанк жүргізіп отырған жұмыс үш негізгі мақсатты көздейді:

Біріншіден,негізгі банктердің қаржылық жағдайы туралы қолжетімді ақпараттың сапасынарттыру есебінен барлық банк жүйесінің ашықтығын қамтамасыз ету.

Екіншіден,банктердің қаржылық жағдайын жақсарту үшін түзету шараларын анықтау және ендіруесебінен қаржылық тұрақтылықты нығайту (қажет болған жағдайда).

Үшіншіден,Қазақстанда жұмыс істейтін банктердің сенімділігін көрсету есебінен инвесторлармен салымшылар тарапынан сенімді арттыру.

Банктердіңқолданыстағы бизнес-процестерін жетілдіру (үздік халықаралық практикағасәйкес), нақты экономиканы кредиттеуді жандандыру және Қазақстан халқы үшінкөрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту рәсімнің нәтижесі болады.

Бұдан басқа,әлеуетті инвесторлар үшін қаржы секторының ашықтығын арттыру есебінен жалпыалғанда, Қазақстанның инвестициялық ахуалы жақсарады деп болжанып отыр.

AQR 2019 жылғы желтоқсанда аяқталады.

Соңғы жаңалықтар