«Бұл өзгерістер белгілі бір деңгейде алаңдауға себеп болды, алайда ақпанда біз қабылдаған шешімге ықпал ететіндей қатерлі емес. Бүгінде 170-188 теңге дәлізі әлемде болып жатқан елеулі өзгерістерді ескеретіндей тепе-теңдік дәлізі болып табылады. Яғни, биылғы ақпандағы жүргізілген валюталық түзетулер қазіргі кезде байқалып отырған барлық өзгерістерді ескерген болатын», - деп түсіндірді Ұлттық банк басшысы. Осы орайда Қ.Келімбетов теңге бағамын түзету кезінде ресейлік рубльдің әлсіреуі, әлемдегі геосаяси ахуалдың қиындауы, мұнай бағасының төмендеуі, алдыңғы қатарлы әлемдік экономикалардың әлсіреуі секілді мәселелер негізге алынғандығын атап өтті.