Ұлттық банк төрағасы Григорий Марченко бүгін Алматыда өткізген баспасөз мәслихатында осылай айтты.
"Ұлттық банк 3 жылдық бюджеттің қабылдануына орай инфляция мен жалпы ішікі өнімнің өсіміне орта мерзімдік болжам жасаған еді. Ол ағымдағы жылы да өзгеріссіз қалады. Әзірге ешқандай жағымсыз әсер жоқ, қорқыныштан басқа", - деді ол.
ҚР Ұлттық банкі Басқармасы 2010 жылғы 27 желтоқсандағы №113 қаулысымен "ҚР Ақша-кредит саясатының 2011-2013 жылдарға арналған негізгі көрсеткіштерінің болжамын" мақұлдаған болатын. Онда инфляция деңгейі 3 сценарий бойынша да 2011-2013 жылдары 6-8 пайыз деп белгіленген еді. Ал ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесі бірінші сценарийде - 6, екінші және үшінші сценарийлерде 6-8 пайыз деп көрсетілген болатын.