Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялық қызметіндегі брифингте ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Қайрат Келімбетов мәлім етті.
«Біз 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап бізде жалпы жүйе бойынша жұмыс істемейтін несиелер деңгейі 10 пайыздан аспауын мақсат етіп қойып отырмыз. Сонымен бірге 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап бұл пруденциялық норматив болып табылады»,-деді Қ. Келімбетов.
Сөз соңында ол егер де банктер осы нормативті орындамаса, онда олардың лицензиясын қайтарып алу шаралары қолданылатынын қадап айтты.