Ұлттық банк АКС-ны іске асыру шеңберіндегі операцияларға қатысты шектеу мерзімін ұзартты
18:15, 03 Сәуір 2020
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Ұлттық банк ақша-кредит саясатын іске асыру шеңберіндегі операциялар бойынша шектеулер кезеңін 2020 жылғы сәуірге дейін ұзартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Тұрақты қолжетімді операцияларды, оның ішінде «Қазақстан қор биржасы» АҚ-та жүргізілетін валюталық свопты және РЕПО-ны, депозиттерді тартуды және қолма-қол шетел валютасымен операцияларды Ұлттық банк Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 13:00-ге дейін жүргізетін болады», делінген хабарламада.
Ашық нарық операциялары, оның ішінде қысқа мерзімді ноттарды орналастыру бойынша аукцион және депозиттік аукцион әдеттегі режимде жүзеге асырылатын болады.