«Тұрақты қолжетімді операцияларды, оның ішінде «Қазақстан қор биржасы» АҚ-та жүргізілетін валюталық свопты және РЕПО-ны, депозиттерді тартуды және қолма-қол шетел валютасымен операцияларды Ұлттық банк Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 13:00-ге дейін жүргізетін болады«, - делінген қаржылық реттеуші таратқан ақпаратта.
Сондай-ақ Ұлттық банк мәліметінше, ашық нарық операциялары, оның ішінде қысқа мерзімді ноттарды орналастыру бойынша аукцион және депозиттік аукцион әдеттегі режимде жүзеге асырылады.