Бұл туралы ҚазАқпарт Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Сауалнамаға Қазақстан бойынша макроэкономикалық көрсеткіштерді талдап, болжаумен айналысатын 11 ұйым қатысты. Респонденттер қатарына нарықтағы кәсіби қатысушылар, зерттеу институттары, халықаралық ұйымдар мен рейтингтік агенттіктер кірді. Келешекте бұл тізімнің аясы кеңейтілуі мүмкін.
Макроэкономикалық сауалнамада Ұлттық банктің болжамдары қамтылмайтынын атап өткен жөн. Онда ішкі және әлемдік нарықтардағы жағдайың келешек дамуына қатысты нарықтағы кәсіби қатысушылардың тәуелсіз пікіріне, бағалаулары мен күтулеріне шолу жасалған.
Сауалнаманы Ұлттық банктің болжамдармен қоса жарияланатын базалық мөлшерлеме бойынша шешімдер алдында жылына кемінде 4 рет тұрақты түрде жүргізу жоспарланып отыр. Оның нәтижелері ҚҰБ-тың ресми сайтында «Ұлттық банктің макроэкономикалық сауалнамасы» бөлімінде жарияланады.
Бұдан әрі респонденттердің болжамына негізделген деректердің жинақталуына қарай жарияланымдағы ақпарат толықтырылып отырады. Ақша-кредит саясаты туралы баяндама жарияланғаннан кейін алғышарттар мен болжамдарды талқылау үшін сауалнамаға қатысушылармен кездесу өткізу жоспарда бар.
Сауалнама нәтижелерін мына жерден көруге болады.